Инновация және цифрлық жүйе — заман талабы

Бегдулла СҮЛЕЙМАНОВ,
физика және робототехника пәнінің мұғалімі
Бүгінде цифрлық технология жаһандық экономикалық дамудың басты факторына айналды. Цифрландыру жүйесі ел экономикасын түбегейлі өзгертті. Еңбек өнімділігі артып, өмір сапасы жақсарды. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау және білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды деуге негіз бар. Осыған орай ақпараттық жүйелерге және көрсетілетін қызметтерге жаңа талаптар қойылды.
Цифрландыру бағыты бойынша білім саласына бірқатар өзгеріс енгізілді.Мәселен, жұмысбасты ата-аналарға баласының мектепке келіп, қай уақытта шыққанын, оқу үлгерімін бақылау үшін «BilimClass», «Alaqan Mektep» тәрізді цифрлық платформалары қолжетімді.Білім саласын цифрландыру арқылы оқу-тәрбие үдерісі автоматтандырылып,қағазбастылықтан арылдық. Президенттің жүктеген тапсырмасына сәйкес, ең алдымен, халықтың цифрлық сауатын ашуға және дамытуға жағдай жасауымыз қажет. Қоғамда цифрлық менталитетті дұрыс қалыптастырсақ әлі де талай жетістікке жетеріміз анық.
Дамыған мемлекеттер де цифрлық экономиканы дамытуға мүдделі. Әлемде технология көз ілеспес жылдамдықпен күн сайын жаңарып, дамып жатыр.Бұл —күн тәртібінен түспейтін жаһандық мәселенің бірі. Болашақта елдің байлығы жерасты байлықтарының көптігімен емес,заманауи технологиялардыигеріп, жұмыс істеуімен өлшенетін болады. Жаһандық цифрландыру негізінде мемлекеттер арасындағы ақпарат легі үлкен айналымға енді.
Цифрлы жаһандану ұғымы тек әлеуметтік, экономикалық бағытты қамтып қана қоймай, мемлекеттік саяси басқару жүйесіне де, демократиялық саяси институттардың қалыптасуына да әсерін тигізді.