Ел беделі еңселі

Мухитов Орынбасар Мақсатұлы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану магистрі.
2024 жылы Қазақстанның ШЫҰ, ҰҚШҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі еліміздің маңызды халықаралық беделі мен стратегиялық бағытын айғақтайды. Ірі халықаралық ұйымдарға төрағалық етумен қатар, 2010 жылы ОБСЕ саммитін Астанада өткізуі, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кенесінің сайланбалы мүшесі болуы еліміздің сыртқы саясатта дұрыс бағытта келе жатырғанының айғағы. Қазақстан Республикасы Орта Азия елдері арасында жоғары сенімге ие, бұл оның күрделі аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша көпжақты ынтымақтастықты үйлестіру қабілетін растайды. ҰҚШҰ мен АӨСШК-ге қатысу еліміздің өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, терроризмге, экстремизмге және басқа да трансұлттық қауіптерге қарсы іс-қимылға белсенді қатысуын көрсетеді. ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстанның экономикалық, мәдени және саяси салалардағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық пен даму идеяларын ілгерілетуге ұмтылысын атап көрсетеді.
Олай болса, бұл ұйымдарға төрағалық лидерлік амбициялардың көрінісі ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескерілуінің маңызды құралы болып табылады.