Жаңалықтар

Жастардың жарысы

Турнир

Темір ауданында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан турнир өтті. Оған 8 команда қатысты.

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған жарыс жастар арасында өткізілді. Ұйымдастырушылар, бір жағынан, аталған шара арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуді көздегенін атап өтті.

Биылдыққа бірінші рет ұйымдастырылып отырған спорттық сайыс алдағы уақытта жалғасын табады. Қысқы спорт түрлерін де қамту жоспарда бар. Ол үшін қажетті құралдар, өткізетін орын да бар, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері.

Жарыс нәтижесінде «Qazaq auyl» құрамасы жеңіске жетсе, одан кейінгі жүлделі орындарды Қызылжар орта мектебі мен №3 Шұбарқұдық орта мектебі ұжымдары өзара бөлісті. Сондай-ақ ойыншылар арасынан МұқасанМәтжан үздік шабуылшы, Еркебұлан Шынжановүздік байланыстырушы, Диас Какенов үздік қорғаушы атанды. Соңында жеңімпаздарға  дипломмен сыйлықтар табысталды.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button