Жаңалықтар

Тексеру және нәтиже

Аудит

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық тексеру жүргізілді. Аудит нәтижесінде мыналар анықталды:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1.02.2022 жылғы «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы» №113 бұйрығына сәйкес 1.01.2021-1.11.2024 жылдар аралығындағы мекеме есепшісінің сыйақы және еңбекақысының 5-15А формасы мен төлемдерін есептеуге арналған есеп ведомстілері қамтылып, тексеру жасалды.

Тексеру барысында 2021-2024 жылдар аралығында мекеме есепшісіне жалақы беру бойынша 3585,2 мың теңге, 2021 және 2024 жылдары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақысы бойынша 136,1 мың теңге артық аударылғандығы анықталды.

Сонымен қатар аудит барысында мекеме тарапынан «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 37-бабы 2-тармағы, 2,3-тармақшаларының талаптарына қарсы, сыйақы беру туралы бұйрықтарының қосымшалары бір-біріне сәйкес келмейтін екі нұсқада ұсынылып, 14 519,8 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Сәйкесінше аудитке анық емес ақпарат ұсынғаны үшін мекеме басшысы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы, 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит барысында мекеменің есепшісі 3 721,3 мың теңгені бюджетке қайтарды.

Қият ЖҰМАБАЕВ,

Ақтөбе облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті

басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button