Су тасқыны

15 әйтекебилік отбасы бүлінген мүліктеріне өтемақы алып үлгерді

Материалдық шығынды есептейтін комиссияға Әйтеке би ауданының 122 тұрғынынан өтініш келіп түскен. Оның ішінде 42 үй техникалық байқаудан өткізіліп, 35 үйге баға берілген.  Қазіргі уақытта 15 отбасыға 14,6 млн теңге өтемақы төленді.

💬 Бұл ауданда үйі суға кеткендердің бірі — Т.Жүргенов ауылының тұрғыны Саматбек Сақтағанов.

«Осы үйде тұрғаныма 23 жыл болды. Биыл наурыздың 30-нан 31-іне қараған күні үйім суға кетті. Сарайым, үйім, барлық дүние-мүлкім бүлінді, жарақсыз күйде қалды. Аудан әкімі өзі келіп қарап, баспана салып беретінін айтып, көңілімді жұбатты. Одан кейін комиссия келіп тексерді, үйімді енді тұруға келмейтінін айтты. Кеше біржолғы көмек ретінде 300 мың теңге қаржы алдық. Енді үйдің салынуын күтіп отырмыз. Барша азаматтарға, аудан әкімдігіне ризашылығымды білдіремін», – дейді ол.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button