Су тасқыны

554 адам эвакуацияланды

Ырғыз ауданында Торғай өзенінің тасуына байланысты Құйылыс, Жайсаңбай, Белшер елді мекендерінде бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шараларға Ақтөбе гарнизонының 70 әскери қызметшісі жұмылдырылған. Олар Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтеріне және Нұра ауылдық округінің Белшер елді мекеніне жөнелтілді. Атқарылған ауқымды жұмыстарға қарамастан, судың қарқындылығына байланысты Нұра, Мамыр ауылдарының бір бөлігін су басқан. Ең бастысы,  адам шығыны жоқ.

Бүгінде Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары аудан орталығына көшірілді. Тікұшақпен барлығы 554 адам эвакуацияланып, №1, 2 және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерге орналастырылды. Эвакуацияланған тұрғындардың жағдайлары қалыпты, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Қазір эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Ауданда бұл бағытта әскерилермен қатар, 100-ге тарта ерікті жұмыс істеп жатыр.

— Бүгінде эвакуациялық пункттерге азық-түлік, тұрмыстық заттар мен бөгетті нығайту жұмыстарына қажет құрал-саймандар жеткізілді. Аудандағы жағдай бақылауда, — дейді аудан әкімі Н.Қызбергенов.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button