Су тасқыны

Жатақханаларға орналасады

Су тасқынынан зардап шеккендер жатақханаларға орналастырылып жатыр.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша,өңірдегі алты аудан және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатқа ие төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты 40  білім беру мекемесі уақытша эвакуациялық пункт ретінде жабдықталды.

Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 3800-ден астам адам, оның ішінде 1625 бала білім беру ұйымдарына орналастырылды.

Эвакуацияланған ата-аналар мен балалар мектептердің спортзалдары мен оқу кабинеттеріне орналасты. Әрине, бұл аса жайлы жағдай емес. Әсіресе балалардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты эвакуациялық орталықтардағы отбасыларды тұрмыстық жағдайлар қарастырылған, жуыну бөлмелері, кереуеттері бар жатақханаларға, интернаттарға орналастыру туралы шешім қабылданды, — дейді Нұргүл Бертілеуова.

Эвапункт болған мектептерде білім алатын оқушылардың  оқу процесі де қалпына келтірілетін болады.

 

Г.АЛТАЙ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button