Су тасқыны

БҚО-ға Ақтөбе облысынан 50 арнайы техника жетті

Батыс Қазақстан облысына су тасқынының алдын алу жұмыстарына көмек ретінде Ақтөбеден 50 арнайы техника жетті.

– Су басу қаупі төнген БҚО-ға  50 арнайы техника жеткіздік. Олардың қатарында «КамАЗ» жүк көліктері, топырақ қазуға, тиеуге арналған түрлі ауыр техникалар бар. Бүгін-ертең 20 шақты арнайы техника қосымша жеткізіледі. Осы 70-ке жуық техника Ақтөбе облысындағы мекеме-кәсіпорындар мен кәсіпкерлерден жиналды. Бұлардың барлығы су тасқыны қаупі сейілгенше осы аймақта болады. Мақсатымыз – көршілес өңірге су тасқынының алдын алу жұмысына жәрдемдесіп, табиғи апаттың алдын алу, – деді Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Қаныбек Жақсығалиев.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button