Су тасқыны

Ақтөбе облысында су тасқынынан келтірілген залалға өтемақы беріліп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды барынша тез өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Облыс тұрғындары алғашқы төлемдерін ала бастады. Зардап шеккендердің ешқайсысы көмексіз қалмайды. 

Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияларға жергілікті маңызға ие ТЖ жарияланған алты аудан мен Ақтөбе қаласының тұрғындарынан 3180 өтініш келіп түсті. Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі облыс орталығының Алматы ауданында тұрады.

Комиссия мүшелері құжаттарды мүмкіндігінше тез тексеріп, тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындысын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазіргі уақытта облыстың 14 тұрғынына жалпы сомасы 33, 2 млн теңгеден астам өтемақы аударылды. Өтініштерді қарау жалғасуда. Бірде-бірі мәлімдеме назардан тыс қалмайды.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға төлем беру жалғасуда. Бүгінгі күні ақтөбеліктерден 1272 құжат қабылданып, 960 адамға 313 млн теңгеден астам біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Алдын ала есептеулерге сәйкес 3 мың адамға 1 млрд теңге шамасында қаражат төленеді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button