Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен Қобда ауданына гуманитарлық көмек тұрақты келіп жатыр. Азық-түлік, киім-кешек эвакуациялық пункттерде орналасқан адамдарға үлестірілді. Аудан орталығындағы екі бірдей орында 72 адам жатыр.

▪️Айта кетейік су тасқыны басталғалы бері еріктілердің атқарып жатқан жұмысы көп. Ауылға келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап, мұқтаждарға жеткізуді міндетіне алған. Үй-жайларды тіктеуге де атсалысып жатқандары бар. Ал ауданда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Іргедегі үлкен Қобда өзенінің тасуынан аудан бойынша 290 үйге су кіріп, 6 ауылдан 1149 адам экакуацияланған. Оның ішінде әскерилердің көмегімен де шығарылғандары бар. Алғашқыда төрт пукт жасақталса, қазір екеуі қалған. Ал қазір арнайы комиссия келтірілген шығын көлемін анықтауға кіріскен.

Дереккөз: «24.kz»

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button