Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Ералы Тоғжанов «Ақтөбе» ФК-ға Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің ойынында сәттілік тіледі 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Ақтөбе» футбол клубының ұжымымен кездесті.

Өңір басшысы Кутаисиден грузиялық «Торпедоға» қарсы матчта адалдық танытып, лайықты ойын көрсеткені үшін командаға алғысын білдіріп, алдағы қарымта матчта сәттілік тіледі.

«Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген, әдемі де, үйлесімді ойын көрсету керек. Ертеңгі матчта жеңіске жететіндеріңізге, намысты қолдан бермейтіндеріңізге сенімдімін. Біз тек жеңіс күтеміз», – деді Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчы өтеді. «Ақтөбе» өз алаңында Кутасидің «Торпедосын» қабылдайды. Бұған дейін ақтөбеліктер сырт алаңда қарсыласын 4:1 есебімен сенімді түрде жеңген еді.

Стадионға кіру мүмкіндігі жоқ жанкүйерлер үшін Ақтөбе қаласының орталық саябағында ойыннан тікелей трансляция көрсетіледі. Осы мақсатта саябақта 5*8 метрге дейінгі экран орнатылды. Футболшылармен кездесуден кейін облыс әкімі саябақтағы дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Айта кетейік, ойын жергілікті уақытпен сағат 21:00-де басталады.

Д.АЙДАР

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button