Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесу өткізді

💬«Ақтөбе облысы көптеген шет елдермен тығыз қарым-қатынаста, АҚШ-пен байланыс біз үшін ерекше маңызға ие. Сауда-экономикалық қатынастардағы тұрақтылық негізінде біздің облыс пен АҚШ арасындағы тауар айналымының деңгейі жылдан жылға артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өсім 45%-ды құрап, 301 млн АҚШ долларына шамалады. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді», – деп атап өтті облыс әкімі.

АҚШ инвесторларының қатысуымен Хромтау ауданындағы Мамыт кен орнында «Ақтөбе Химик» ЖШС қоңыр көмірден органикалық тыңайтқыштар өндіру бойынша бірегей жобасы іске асырылуда.

Инвестиция көлемі 36 млн АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 4 мың тонна өнім шығаратын кәсіпорында 103 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың «Шеврон» ірі энергетикалық компаниясының қолдауымен Ақтөбеде Orhun Medical ядролық медицина орталығының құрылысы жоспарлануда.

Елші Дэниел Розенблюм бұл оның біздің аймаққа алғашқы сапары екенін жеткізді.

💬«Бір күн ішінде барынша пайдалы ақпарат алдық. Облыстың тарихы бай, болашағы жарқын. Өнімі АҚШ-қа экспортталатын Ақтөбе ферроқорытпа зауытына бардық. Әрине, мұның бәрі біздің елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Бізді білім беру саласы ерекше қызығушылық тудырады, сіздердің Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады, біз оның қызметімен толығырақ танысуға ниеттіміз. Бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастығымыз тереңдей түсетініне сеніміміз мол», – деді елші.

Кездесу барысында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, артықшылықтары, экспорттық әлеуеті, бай минералды-шикізат базасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоғары әлеуеті туралы фильм таныстырылды.

💬«Біздің ынтымақтастығымыз экономикалық байланыстардың өсуіне, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестіктің пайдаланылмаған әлеуетін жандандыруға ықпал ететініне сенімдімін», – деп түйіндеді Ералы Тоғжанов

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button