Жаңалықтар

Жұмыс тобы жартыжылдықты қорытындылады

«Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша құрылған жұмыс тобы I-жартыжылдықты қорытындылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Осы мақсатта Серіктестіктің комплаенс қызметіне қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің, сондай-ақ ұйымның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылауды жүргізіп отыру жүктелген.
Жиынға жұмыс тобының өкілдерімен қатар медианың ұжымы қатысты. Жиын барысында жұмыс тобының жетекшісі, ұйым заңгері Берік Айгелді ұйымда құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне байланысты жұмыстарды баяндап берді.

— 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серістестігіне қарасты құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) анықталған жоқ. Заңды тұлғалар тарапынан ұйымға қатысты өтініштері түспеген.
Медиаға қарасты редакция қызметкерлеріне қатысты келеңсіз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Ұйым қызметкерлері тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты және журналистердің этикалық кодексі сақталып келеді, — деді ол.
Серіктестік қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, ұйымның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.
Жиынды қорытындылаған жұмыс тобы алдағы уақытта уәкілетті мемлекеттік орган мамандарын қатыстыра отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тақырыбында серіктестік қызметкерлеріне арналған дәрістер, кездесулер және біріккен шаралар өткізу жоспары барын талқылады.

Ә. БАЙҒОНЫС.

Басқа жаңалықтар

Back to top button