Жаңалықтар

Халің қалай, кәсіпкер?

«Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығын дамытудың жаңа бағыттары»блыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен өткен бизнес-форумосылай аталды.

КездесугеҚазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының басшылығы мен мүшелері, облыстық кәсіпкерлік және ішкі саясат басқармаларының  өкілдері, белгілі кәсіпкерлер қатысты.

Шараның мақсаты — қауымдастықтың жұмысыментанысу, тәжірибе алмасу, идеяларды, өзекті мәселелерді талқылау.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай форумның мақсаты туралы айтты.

Бұдан екі ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығына да біраз жұмыс міндеттелген-ді. Елімізде кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынған бірнеше бағдарлама бар. Дегенмен кейбір қолдауларға кәсіпкерлер қол жеткізе алмай отыр. Біздің қауымдастықтың міндеті — осы мәселенің себебін анықтау. Осы мақсатта кәсіпкерлермен кездесу өткізіп жатырмыз. Жұмысымызды Нұр-Сұлтан қаласынан бастадық. Содан кейін еліміздің бірнеше қаласын араладық. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында іссапармен болдық, — дедіҚайрат Айтбай.

Мәселені анықтау үшін жұмыстар 3 бағытта жүргізіледі екен.

— Біріншісі — өңірлерді аралап, кәсіпкерлердің проблемаларын анықтау, мәселенің шешу жолдарын ұсыну. Парламентте ассамблеядан сайланған 9 депутатымыз бар. Солар арқылы мәселені Президент әкімшілігіне, Үкімет мүшелеріне жеткіземіз.

Екінші бағыт — еліміздің әр өңіріндегі кәсіпкерлердің мәселелері ұқсас, ортақ болса, онда кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту үшін заңнаманы өзгерту керек.

Үшінші бағыт — Қазақстан халқы Ассамблеясында түрлі ұлттың өкілдері топтасқан. Олар өздерінің отандастарымен тығыз байланыс жасайды. Сол қарым-қатынасты пайдаланып, шетелдерден инвесторлар тарту.

Қазақстанға инвесторлар келуге ниетті. Дегенмен оларға қолайлы жағдай жасау керек, — деді Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай.

Кездесу барысында қауымдастық мүшелеріне ақтөбелік кәсіпкерлер сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button