Жаңалықтар

Балық қорғау акциясы қалай өтті?

«Уылдырық шашу-2022»

Облыс аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею мерзімінде 10 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық шашу-2022» балық қорғау акциясы өткізілді.

Акцияға инспекциядан бөлек, жергілікті полиция қызметі, табиғатты қорғау ұйымдары және балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылардың қорықшылық қызметі қатысып, 47 рейдтік іс-шара жүргізілді.

Инспекция тарапынан балық аулау ережелерін бұзған 35 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 578,9 мың теңге айыппұл салынды, сонымен қатар 42 дана балық аулау құралы алынды, балық ресурстарына келтірген залалы үшін құқық бұзушыларға 1 миллион теңгеге талап арыз берілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақта балық ресурстарына айтарлықтай шығын келтірген, заңсыз балық аулауға қатысты 1 дерек анықталды. Құқық бұзушы сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, инспекция және жергілікті полиция қызметі өкілдері еріктілермен бірлесіп, сауда орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде тыйым салынған аулау құралдарын заңсыз сатудың 2 дерегі анықталды. Құқық бұзушыларға хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды, сатуға тыйым салынған 42 дана балық аулау құралы тәркіленді.

Облыс тұрғындарынан балықты қорғау заңнамаларын қатаң сақтауды сұраймыз.

Нұрбек Құлыбекұлы,

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы

инспекциясының бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button