Жаңалықтар

Шахмат ойнады

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы мен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарттарым — асыл қазынам» атты классикалық шахматтан турнир өтті.

Жоғары аналитикалық ойлау, интуиция мен шыдамдылықты талап өтетін бұл ойынға қаламыздың аға буын өкілдерімен қоса жастар да қатысты.

Турнир барысында жастар ардагерлерден үлгі алып, тәжірибе жинап, шахмат ойынын кеңінен насихаттады.

Турнирге барлығы 16 адам қатысып, өзара сынға түсті. Нәтижесінде 1-орынды оқушы Нұрәлі Төрехан жеңіп алды. Ал 2-орынды жастар арасынан Жүсіп Асқар, 3-орынды ардагер Қайырғали Мұханғалиев иеленді.

Шара соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ақбаян Әбішованың айтуынша, мұндай шараның жастар үшін маңызы зор. Себебі жастар мұндай турнирлерде тәжірибе жинақтайды, білмегенін үйренеді, үлкендерден ақыл-кеңес сұрайды.

— Халықаралық қарттар күніне орай осы аптада біз «Райян» қайырымдылық еріктілер тобының ұйымдастыруымен жастар арасында волейболдан қайырымдылық турнир өткізіп, түскен қаражатқа 4 қарияға азық-түлік алып бердік. Сондай-ақ өңірдегі арнаулы оқу орындарының белсенді ерікті жастары бірқатар ардагерлердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта да белсенді жастар осындай қайырымдылық шараларды жалғастырады, — дейді ол.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button