Жаңалықтар

Үнді фильмі көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы кинотеатрлардың бірінде мұғалімдер мен оқушыларға ақысыз негізде кинокөрсетілім ұсынылды. Бұл — ұстаздар күніне арналған акция.

— Ұстаз — ұлы тұлға. Ол балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуына ықпалын тигізеді. Адам өмірінде аталған мамандық иелерінің орны ерекше. 

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, біз сала мамандарына кәсіби мерекесі қарсаңында осындай құрмет көрсетуді жөн деп таптық. Оларға рухани демалыс сыйлай алсақ, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз, — дейді «Елбасы медалі» жобасының өңірдегі үйлестірушісі Дәрмен Қапыс.

Жас педагогтер пен оқушыларға, жалпы жүзге тарта адамға Болливуд түсірген «Я — препод» фильмі көрсетілді. Жас мұғалімнің мектептегі қызығы мен қиындығы қамтылатын картина көпшіліктің көңілінен шықты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button