Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік  шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 22 сәуіріндегі №ПГСВ-17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

29.04.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік  шараларды күшейту туралы»

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 22 сәуіріндегі №ПГСВ-17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 31 наурызынан бастап Ақтөбе облысы қызыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 13.04.2021 жылғы №14 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 22 сәуіріндегі №ПГСВ-17 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1) Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 сәуіріндегі №ПГСВ-17 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысындағы 1 қосымшасының 30 тармағындағы  «облысішілік» деген сөз алынып тасталсын және мынадай редакцияда жазылсын:

Объектілер/ салалар Қызыл аймақ
30 Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына

 

Тыйым салынады

 

 

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2) Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

4.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5.Осы қаулы 2021 жылғы 1 мамыры 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді.

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button