Жаңалықтар

30 игі істің бірі — тазалық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралардың бірі — 30 игі іс. Батпақкөл ауылдық округі əкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жағабұлақ ауылында өткен 30 игі істің бірі тазалыққа, яғни, екі айлық аясындағы сенбілікке арналды.

Аталған игі іске «Қазақойл Ақтөбе» мекемесі белсене атсалысып, қолдау көрсетті.

Анығы, Жағабұлақ ауылындағы тыл ардагерлерінің, жалғызілікті қарттар мен жалғызбасты аналардың үйлерінің аулалары күл-қоқыстан тазартылды.

Игі іске демеу болған мекемеге ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Қайырымды шара алдағы уақытта округтегі Жаркемер, Саға, Қожасай ауылдарында өз жалғасын табатын болады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button