Басты жаңалықтар

Халықаралық шахмат фестивалі өтті

Ақтөбе қаласында «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2022» халықаралық шахмат фестивалі өтті. Фестиваль облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен екі жыл қатарынан өтіп және жан-жаққа танылып келеді.

Биылғы шараға еліміздің өңірлері мен жақын шетелдерден келген 200-ден аса шахматшы қатысты. Олардың ішінде гроссмейстерлер мен шеберлер бар. Дүниежүзілік шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович фестивальдің құрметті қонағы болды. Еліміздің және жақын шетелдің мықты шахматшылары 13 600 000 теңге жүлде қорын сарапқа салды. Өнер орталығында өткен шараның жабылуы салтанатында фестивальға қатысушыларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button