Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі ҚР Экология министрімен кездесті

24 маусым күні Ақтөбе облысына Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс бабымен келді.
Жұмыс сапары кезінде министр бірқатар өндірістік нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдады және БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. 

Сондай-ақ, облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің өзекті экологиялық проблемалары талқыланды. Өткен жылы Ақтөбе облысы бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 174 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 4%-ға төмен (180 мың тонна). Төмендеуге табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді. Мәселен, 2021 жылы өңірдің табиғат пайдаланушыларының экологиялық жағдайын жақсартуға шамамен 20 млрд.теңге инвестицияланды, бұл 2020 жылғы деңгейден 32%-ға артық (15 млрд. теңге).
Сонымен қатар, министрлік өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу бойынша жол карталарын әзірлеп, іске асырып жатыр. Ақтөбе облысының жол картасында 33 іс-шара қарастырылған. Бүгінгі күні әкімдікпен 3 аудан орталығында (Мәртөк, Қобда, Қарауылкелді) полигондар салу жұмыстары аяқталды, коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын паспорттау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Кәсіпорындардың белсенді қатысуын атап өткен жөн. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты осы жылдың соңына дейін электр сүзгілерін жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 2 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Биылғы жылы балқыту цехтарында 67 аспирациялық қондырғы ауыстырылды, бұл қатты ластағыш заттардың шығарындыларын 320 тоннадан 107 тоннаға дейін, газ тәріздес қалдықтарды 4 есеге 1124 тоннадан 321 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Республикалық бюджет есебінен Шалқар көлін тазарту жұмыстары басталды (жалпы құны 3,1 млрд.теңге.). Жұмыстың 45%-ы орындалды. Шығарылатын төменгі тұнбаның көлемі 3,0 млн. м3 құрайды, 963 мың м3 тазартылды. Көлді тазарту судың сапасын арттыруға, Шалқар қаласының халқын шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау сапасын жақсартуға және жалпы Арал өңірінің экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында 6 ірі су қоймасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.
Облыс әкімі Ақтөбе облысының экологиялық мәселелерін шешу шараларын жүзеге асыру
Облыс әкімі Ақтөбе облысында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру басым бағыт екенін және тұрақты бақылауда екенін баса айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button