Жаңалықтар

Алқабилер кеңесі құрылды

Жақында Қобда ауданына қарасты барлық ауылдық округтерде алқабилер кеңесі құрылды. Кеңес құрамы әр округте үш адамнан тұрады.

Ауданда жалпы саны 48 алқаби мүшесі бар. Олардың негізгі міндеті — ауылда  туындаған дау-жанжалдарды сотқа немесе полицияға жеткізбей бітімгерлік ұстанымы бойынша шешу. Ауыл тентексіз болмайды, қателік істеген жастардың барлығын қылмыскер қылып, болашағына балта шабу да жөн емес. Сондай сәтте ауылдағы алқабилердің көмегі мол. Ендігі міндет — сол алқабилер институтын мейлінше насихаттап, халықтың жүгінуіне ықпал жасау.

Жалпы, бітімгерлік қатынастар қазақтың тарихи болмысында бар құбылыс, қазіргі медиация тәртібі соған саяды. Қабылданғанына біраз жыл болған медиация заңы осы күні тұрғындар жиі жүгінетін, татуласатын, бітімге келетін қолайлы орынға айналды. Қазір ауданымызда бірнеше кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қызмет жасайтын болса, енді сондай бітімгерлік ұйымдар ауылдарда да құрыла бастады.

Б.АБЫЛАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button