Жаңалықтар

Асхат Шахаров облыстық футбол федерациясын басқарады

«Ақтөбе футбол федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің онлайн режимінде өткен кезектен тыс конференциясында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Ол бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубының директорлар кеңесін басқарған болатын, енді облыстық федерация жетекшілігінің тізгінін ұстады.

Бұл сала жұмысын ұйымдастыруда көптеген өзгерістерге жол ашылмақшы. Мәселен, үш құрылтайшының біреуінің орнына оның құрамына 14 аудандық федерация кіреді.

— Облыс басшысының тапсырмасы бойынша биылғы қаңтардан бастап біз облыс аудандарында және Ақтөбе қаласында филиалдар ашу жөнінде белсенді жұмыс жүргіздік, құрылтайшылық жиналыстары өткізілді, басшылық құрамы сайланды. Аудандарда футболды ұйымдастыру қоғамдық бірлестіктер форматында қызмет етеді,— деп атап көрсетті Ақтөбе футбол федерациясының атқарушы хатшысы Думан Тәңірбергенов.

Оның айтуынша, он төрт филиалдың оны мемлекеттік тіркеуден өтті, қалғандары әділет органдарына құжаттарын тапсырды. Оларды қаржыландыру көзі туралы мәселе қарастырылуда.

Барлық аудандық федерацияларда облыс чемпионаттары мен кубоктарына қатысу үшін әуесқой футбол клубтары ашылатын болды.

Асхат ҚАЛЖАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button