Жаңалықтар

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

2021 жылғы 30 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы «сары аймаққа» кірді, бірақ қауіп сейілген жоқ, өңірде шектеу шаралары жалғасады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №ПГСВ-17 қаулысындағы шектеу шаралары жалғасады.

Бұл ретте карантиндік шараларды жеңілдету «сары аймаққа» «қызылдан» немесе «жасыл аймаққа» «сары аймақтан» ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.

Осы орайда облыс тұрғындарына түрлі мерекелік іс-шараларды, тойлар мен отбасылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынғанын тағы да естеріңізге саламыз.

Рамазан айында топталып, ауызашарға баруға немесе үйіне сырттан адам шақыруға болмайтындығын тағы да ескертеміз. Әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен бірге ауыз ашқаны дұрыс.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button