Жаңалықтар

Түзеу мекемелеріне 140 кітап берілді

Түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға  теологиялық оңалту жұмысы жүреді. Аталған мекемелердегі кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттердің негізгі бөлігі сотталғандардың өздерінің сұранысы бойынша әкелінген. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі діни бағыттағы профилактикалық шаралар облыстық дін істері басқармасымен бірлесіп жүргізіледі. Департаменттің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Төлегеновтің айтуынша, бұл жолы Ақтөбе қаласындағы  КА168-1 тергеу изоляторы мен КА 168-2 жалпы режимдегі және КА 168-3 қауіпсіздігі төмен қоныс колониясына 140 кітап берілген. Бұл діни кітаптарды дін істері басқармасының қолдауымен «Аңсар» орталығы берген. Жалпы, жыл сайын басқарманың қолдауымен түзеу мекемелеріне діни кітаптар әкелініп отырады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button