Басты бет » Author Archives: admin (page 40)

Author Archives: admin

Санитарлық талаптар тексерілді

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсетуді тоқтатпаған қаладағы бірқатар мекемелерді аралады. Алдымен облыстағы «Банк Центр Кредит» және «Қазпошта» АҚ филиалдарына барды. Бұл мекемелер тұтынушылар мен өз қызметкерлері арасында алшақтықтың болуы, дезинфекциялық құрылғыларды жиі пайдалану тәрізді талаптарды қатаң сақтап отыр, сондай-ақ олар ұсынатын қызметтердің 90%-ы онлайн режимі арқылы қашықтан көрсетіледі. Сайтты, мобильдік қосымшаларды пайдалана алмайтын ...

Жалғасы »

42500 теңге: 216 мың өтініш, 5 миллиард теңге қаржы

Тікелей эфир Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елімізде төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылуына байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы шектеу шаралары да сәуірдің соңына дейін жалғасады. Ал Ақтөбе қаласы бойынша карантин режимі өз күшінде қалады. Бұл туралы сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов «Aqtòbe» телеарнасының «Ақпараттық сағат» бағдарламасында хабарлады. Кешкі сағат  22:00-де тікелей эфирде өткен шараға ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы аумағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шектеу шараларының мерзімін ұзарту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІНІҢ ҚАУЛЫСЫ № ПГСВ-16                                                                                                                     14.04.2020 жылғы Ақтөбе қаласы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық ...

Жалғасы »

Індет: қазақты салт-дәстүр сақтап қалды… 

Күллі әлемге қасірет төндірген, жер-жаһанды жайлап, мыңдаған, миллиондаған адамдарды жалмаған қатерлі вирустар тарихта аз болмаған. Деректерге сүйенсек, ХХ ғасырда шешек індетінен шамамен 300-500 миллионға жуық (!) адам қырылып қалған. Шешекті адамзат толықтай жеңген (1979 жыл), мүлде жойып жіберген әзірге бір ғана індет түрі десек те, оның шығу тарихы тым әріде (б.з.д. V-VIII ғ.ғ). Яғни ауыздықтау оңайға түскен жоқ. Халық «ұлы ...

Жалғасы »

Ассамблея өкілдері медициналық бетперде тігуде

 Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдері «BizBirgemiz»  акциясы аясында 200-ден астам медициналық бетперде тігіп шықты. Этнос өкілдерінің айтуынша, бірнеше реттік пайдалануға жарайтын арнайы бетперделерді шаһардағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, зейнет жасындағы қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін арнайы әлеуметтік пакеттермен бірге тарататын болады. Сонымен қатар қаламыздағы медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында олар мұндай бетперде түрлерін емханаларға ...

Жалғасы »

24 мың дана тест емханаларға таратылып беріледі

Тұрғындар арасында карантин мерзімі мен коронавирусқа қатысты сұрақтар көп. Осы орайда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев және облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ардана Саймағамбетов тұрғындар сауалына жауап берді. Қазіргі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда соңғы екі күнде екі адамнан коронавирус анықталған. 15 сәуір ...

Жалғасы »

Студентке тиесілі ме?

Жаңа форматтағы білім берудің жағдайы туралы сейсенбі күні облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бұлбұл Күзембаева мен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева «Aqtòbe» телеарнасында өткен «Індет пен міндет» бағдарламасында айтты. Тікелей эфирде көрсетілген бағдарламада @Aqtobe_press инстаграм парақшасынан да қойылған сауалдарға жауап берілді. Біздің облыстың мектептеріне қашықтан оқытудың екі тәсілі енгізілді. Жалпы алғашқы оқу аптасы сәтті аяқталған. Тікелей ...

Жалғасы »

Ақтөбелік кәсіпкерлердің 11 миллиард теңге несие қаражаты кейінге қалдырылды

Тікелей эфир Кеше облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен «Атамекен» облыстық  кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова «Aqtòbe» телеарнасының «Індет пен міндет» хабарында карантин кезіндегі бизнесті қолдау шараларына қатысты аймақта атқарылып жатқан жұмыстар турасында айтты. Индустриалды-инновациялық өңірдің негізгі өнеркәсібін, өндірісін, жалпы экономикасын осындай шақта дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Қайрат Бекенов: — Қазіргі таңда облыс экономикасын дамытудың 20 пайызы шағын ...

Жалғасы »

Курсанттар қылмыстың алдын алды 

Күн сайын әуе қорғанысы күштері әскери институтының 40-тан астам курсанты мен сарбаздар полицейлермен бірге Ақтөбе қаласының аумағында рейдке шығады. Карантин кезінде күшейтілген режимге көшкен олар тәртіпті сақтауға, заңбұзушылықтың алдын алуға жұмылдырылады.  Айталық, Бейбітшілік көшесінің бойында әскери қызметкер Иван Ильчук пен курсанттар Роман Утсейітов,  Диас Шаменов сондай кезекшіліктің бірінде ащу суды асыра ұрттаған ер адамды байқайды. Оның көзге қораш көрінген қылықтары — ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру: болашақты баянды ету жолындағы істер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шыққанына 3 жыл толды. Қалың көпшілік арасында үлкен қолдауға ие болған мақалаөткен тарихымызды және бүгінгі күн ұсынған мүмкіндіктерді саралаудың, сол арқылы тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың басым бағыттарын айқындап берді. Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын арнайы жобалар ұлтжандылыққа, жалпыұлттық қасиетті орындарды қорғап, насихаттауға, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытуға қол жеткізуді көздейді. ...

Жалғасы »