Басты бет » Author Archives: admin (page 2)

Author Archives: admin

«Ер Қармыс» кітабының тұсауы кесілді

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қалнияз Шопықұлының «Ер Қармыс» кітабының тұсаукесері өтті. Аталған шараға «Банк Центр Кредит» АҚ департамент директоры Нұргүл Бимағамбетова, идея авторы Сандуғаш Тағабергенова, тарихшы Айшуақ Дәрменов, кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Басқосуда идея авторы Сандуғаш Тағабергенова қазақ батырының кейпі мен тарихын жан-жақты ашып көрсету үшін екі жыл бойы тарихи зерттеу жүргізгенін, зерттеу жұмыстарын ...

Жалғасы »

Ұялы байланыс келіп, таза су беріледі

Аудандарда ауыл әкімдерінің есебі басталды. Індетке байланысты есеп беру жиындары санитарлық талаптарға сай өткізіліп жатыр. Ойыл ауданы, Көптоғай селолық округіне қарасты Шұбарши елді мекені тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биылғы жылдың еншісіндегі жоспарлары туралы есеп берген округ әкімі Ерлан Асылбаев ауыл тазалығына көңіл бөлу керектігін айтты. Округ орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан Шұбарши ауылы Атырау облысының Қызылқоға ауданымен ...

Жалғасы »

Көктауға дәріхана керек

Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров Көктау ауылдық округі тұрғындары алдында есепті кездесуін өткізді. Кездесуге облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбек, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшылары  мен ауыл тұрғындары қатысты. Жергілікті тұрғындар алдында ауылдың, содан соң ауданның  есепті мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы баяндалды. Негізгі көрсеткіштер айтылды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, сауалдар жолданды. Көктаулық тұрғындар ...

Жалғасы »

Мал саны көбеюде

Ырғыз ауданында аудан әкімінің есебі жылдағы дәстүр бойынша Жайсаңбай ауылдық округінен басталды. Басқосуда аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттермен бөлісті. Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі Нұрболат Қарабаев жыл бойы жасалған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, ауылдық округте мал шаруашылығы жақсы дамыған. Округте 25 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 15 жеке кәсіпкер бар. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау бағытында түрлі ...

Жалғасы »

Үшқаттыға газ тартылады

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің есеп беру жиыны Үшқатты ауылынан басталды. Үшқатты ауылы Ресеймен шектеседі. Халық саны — 342 адам. 102 отбасы бар. Ауылда  орта мектеп, Мәдениет үйі, балабақша, басқа да әлеуметтік нысандар жұмыс жасайды. Бес шаруақожалық бар. Үш кәсіпкер ауылды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Шекарада орналасқан ауылдың проблемасы көп болатын. Әсіресе, сапасыз жол және көгілдір отын мен ұялы байланыстың жоқтығы ...

Жалғасы »

Бірлікті ту еткен шара

Облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесі, «Қоғамдық келісім» мекемесі және облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тірегі — бірлік!» атты мәдени шара өтті. «30 игі іс» эстафетасының, сондай-ақ жыл бойы өңірімізде өтетін мерейтойлық іс-шаралардың ресми бастамасы ретінде ұйымдастырылған шараға облыстық білім, мәдениет, архивтер және құжаттама, жастар саясаты мәселелері басқармаларының өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері ...

Жалғасы »

«Ғажайып әлем» және ерекше балалар

Хромтау қаласындағы №5 «Ақбота» балабақшасында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған арнайы топ ашылды. Мұндай топты ашудағы мақсат — ерекше балалардың сапалы білім алуына  жағдай жасау, олардың ой-өрісін дамыту және тәрбиелеу. Мамандардың айтуынша, қазір бұл топта 10 ерекше бала бар. Білім алуда  ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  үшін  арнайы  логопед,  дефектолог, психолог мамандар мен тәрбиешілер қызмет жасайды. Топ бөлмелері ...

Жалғасы »

Жаңа архив ғимараты салынады!

Архив — қазына. Тарихтың қазынасы. Ондағы сақталған құжаттың әр әрпінде байлық бар. Бұл мекеменің әр сөресінде тарихтың қойнауына кеткен әр ғасырдың, әр жылдың, әр күннің дәлелі болатын құнды қор бар. Өткені жоқ ел болмайды. Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіндегі ең көне құжат 1860 жылдан сыр тартады. Ол — бұл ғимаратта біздің өлкеміздің кемінде екі ғасырға жуық тарихы жинақталған деген сөз. Осыншалық ...

Жалғасы »

Батыр атындағы ауылдың берекесі

Ұлы Отан соғысында жаудың 58 солдаты мен офицерінің көзін жойып, жараланғанына қарамастан, гранатасын жау дзотына қарай лақтырып, ерлікпен қаза тапқан Иманғали Білтабановтың Қобда жерінде дүниеге келгенін білесіз бе? Бүгінде мұндағы тұтас бір ауыл батырдың есімімен аталады. Көгілдір отын, көрікті мектеп Иманғали Білтабанов атындағы ауыл аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан. Құрамына И.Білтабанов, Қосөткел, Байтақ ауылдары кіретін округте 900-ге тарта халық ...

Жалғасы »

Полицейлер 6 адамды өрттен құтқарды

Оқиға Ақтөбе қаласында облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция батальонының полицейлері, полиция аға сержанты Камил Бердібаев пен полиция кіші сержанты Берекет Сағынбаев жеке тұрғын үйден шыққан өрттен 6 адамды құтқарып қалды. Сол күні полицейлер қызмет орнына таксимен келе жатқанда Нариманов көшесі, 27-үйдің маңынан өтіп бара жатып, жеке үйдің өртеніп жатқанын көреді. Таксиден түскен К.Бердібаев пен Б.Сағынбаев дереу өртеніп жатқан үйге ...

Жалғасы »