Мәдениет

Өлең оқылып, ән әуеледі

15 сәуір — Ғашықтар күніне орай Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ғашықтар жыры» атты поэзия сағаты өтті. Кешті оқырмандар тікелей эфир арқылы тамашалады.

Аталған кеште А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті, темірлік жас әнші Аслан Батырұлы қазақ эстрадасындағы танымал лирикалық әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Поэзия сағатын жүргізген аудандық мәдениет үйінің қызметкері Назерке Талғатқызы жас ақындар Мақпал Мыса, Жадыра Байбұланованың әдемі өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Аталған шараны инстаграм желісі арқылы көрген көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл. Көзбен көр де, ішпен біл», — деп Абай атамыз жырлағандай, кеш барысында шырқалған әсем әндер мен оқылған лирикалық өлеңдер жастардың көңілінен шықты деп ойлаймыз. Оны әлеуметтік желідегі көрермендердің жазған оң пікірлерінен аңғаруға болады. Қазіргідей жағдайда әлеуметтік желілер арқылы поэзия сағатын өткізу, жыр кештерін ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі мұндай шаралар арқылы жастарды кітап, әдеби шығармалар оқуға баулып, жыр сүйер оқырмандар санын көбейтеміз. Сондықтан алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады, — дейді Н.Талғатқызы.

    Д.АЙДАР,

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button