Спорт

Жерлестеріміз 3-орын алды

Ұлттық спорт

Облыстық мамандандырылған ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Жамбыл облысы Тараз  қаласында өткен ересектер арасындағы көкпардан және аударыспақтан Х Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, жүлдегер атанды.

Биыл оныншы рет ұйымдастырылған жарыста 10 облыстан жиналған 100-ге жуық спортшы бақ сынасты.

Аударыспақ сайысы сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Ақтөбе спортшылары бес салмақ дәрежесі бойынша 2 алтын, 3 күміс медальға ие болды. Атап айтсақ,

62 келі салмақ дәрежесінде Азамат Серғазин мен 100 келі салмақта Арман Сағынбаев 1-орын алса, 68 келі салмақта Шыңғысхан Ержанов, 74 келі салмақта Балтабек Төребек, 100 келі салмақ дәрежесінде Әділжан Жаналиндер 2-орынды еншіледі.

Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 3-орыннан көрінді.

Сондай-ақ жақында қазақ күресінен Қостанай қаласында өткен 2001-2003 жылы туған жастар арасындағы ел чемпионатында аталған спорт мектебінің спортшысы Ерасыл Амангелді (жаттықтырушысы — Мейрамбек Әбішов) 84 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button