Жаңалықтар

Қазақ тілін оқытудың озық әдістерін таныстырды

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі — ана тілім, сарқылмайтын байлығым!» атты онлайн диалог алаңы өтті.

Қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдегі қандастарға әдістемелік қолдау көрсету, әрі олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатымен ұйымдастырылған шараға орынборлық қандастарымызбен бірге, Түркиядағы «Тарих және мәдениет қауымдастығы», «Көк Ту» қазақ мәдениет қоғамы жанындағы қазақ тілі курсының үйлестірушілері де қатысты. Ал облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина бастаған әдіскерлер мен оқытушылар қатысты.

Шара тікелей эфирде sentriazyka инстаграм парақшасы арқылы берілді. Алдымен облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Ысқақов кіріспе сөз сөйлеп, шетелдік қандастардың қазақ тілін үйренуіне қолдау көрсету — абыройлы міндет екенін атап өтті, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің тиімді әдіс-тәсілдері, қашықтан оқытудың ерекшеліктері, онлайн тілдік ресуртарын тиімді пайдалану туралы шеберлік сағаттарын, презентациялық шолулар, сұхбат өткізді. Сонымен қатар орталықтың www.tilaktobe.kz ресми сайтында жинақталған қазақ тілі сабақтары циклін, «Тағылым», «Шежіре» атты қазақ халқының кең таралған салт-дәстүрлері жөніндегі ақпараттарды таныстырды.

Диалог алаңы 2016 жылдан бастау алып, індетке байланысты соңғы екі жылда онлайн режимінде жалғасып отыр.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button