Жаңалықтар

134 медицина қызметкеріне құрмет көрсетті

Пандемия кезінде алдыңғы қатарда дәрігерлер жүрді. Өз өмірлерін қатерге тігіп, науқас жандардың қасынан табылды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айындағы алғашқы игі істі дәрігерлерге арнады.  «Өмірге үміт сыйла» атты акция өткізді. Аталған қордың облыс бойынша өкілдігі індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне  себет үлестірді. Бұл шараға облыс орталығындағы «Нұр Ғасыр» мешіті және қала, аудан, ауыл мешіттері атсалысты. Барлығы 134 медицина қызметкерлеріне жалпы көлемі 1 тонна 283 келі болатын азық-түлік қоржындары қайырымдылық ретінде таратылды.

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұндай шара республика көлемінде ұйымдастырылып жатыр. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Берекелі Рамазан сыйы» жобасы аясында медицина мамандарына арнайы құрмет көрсетуді тапсырған.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button