Денсаулық

ГЕПАТИТТЕН САҚТАНЫҢЫЗ!

Жұқпалы вирустық гепатит немесе сары ауру — адамның  бауырын зақымдайды. Вирустық гепатиттердің бірнеше түрі бар: А, В, С, D, E. Осы аталған вирусты гепатиттердің «А» (А Hepapіtіs) түрі —  әлемде кең таралған антрапанозды жұқпалы ауру.

Вирус физикалық және химиялық факторлардың жоғары тұрақтылығына байланысты қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады. Вирусты гепатиттің бұл түрі адам ағзасына жыныс жолдары арқылы беріледі.

Жедел жұқпалы вирусты гепатиттің «А» түрінің алғашқы белгілерінде адамның дене қызуы көтеріліп, әлсірейді. Оған қоса асқазанның жұмысы бұзылып, көз склерасы сарғаяды. Бұл аурудың ұзақтығы екі аптаға дейін созылады.

Ал вирусты гепатиттің «В» түрі қан құю, тері аурулары арқылы жұғады.

Аурудың бұл түрінен сақтану үшін адамдардың жас шамасына байланысты вакцина беріледі. Мәселен,  жаңа туған нәрестелер өмірдің алғашқы 12 сағатында вакцина қабылдайды.

Вирусты гепатиттің  «С» түріне шалдыққан адамдардың 70-80 пайызының бойында осы аурудың созылмалы түрі дамиды. Бұл гепатиттің ең үлкен қаупі —бауыр циррозына әкеліп соқтыруы мүмкін. С гепатитіне қарсы вакцинаның жоқтығы аурудың қауіптілігін көрсетеді. Бұл ауру адамдарға парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, ластанған шприцтер), жыныстық қатынас, сондай-ақ жұқтырған анасынан босану кезінде жұғады.

Вирусты гепатиттің «Е» түрі босанар алдында жұқтырған әйелдер үшін өте қауіпті. Бұл кезде ауырған әйелдердің баласы өлі туылады.

Ал жұқпалы вирусты гепатиттің «D» түрі  жеке ауру деп есептелінбейді, ол «В» вирусты гепатитін асқындыратын серіктес ауру. Бұл екі вирус науқас адамның ағзасында  қатар өмір сүрсе, аурудың ауыр түрі пайда болады, Оны «супержұқпа» деп айтады.

Жұқпалы вирусты гепатиттің қай түрінен де сақтанған жөн. Ол үшін жеке бас тазалығына айрықша мән беріп, денсаулыққа жауапкершілікпен қараған жөн.

Н.БЕРКІМБАЕВА,

қалалық санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің бастығы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button