Жаңалықтар

Қарғалыда жұмыс қарқынды жүріп жатыр

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин кезекті іссапарымен Қарғалы ауданында болды.

Алдымен облыс әкімі Желтау ауылдық округіне барып, ондағы жаңадан салынған әкімдік ғимаратымен және «Ашық әкімдік» кеңсесінің жұмысымен танысты. Бұдан соң өткен жылы жөндеуден өткен Петропавл ауылдық клуб ғимаратын, клуб ішіндегі кітапхананы аралады. Бұнда «Парасат жолы» орталығы ашылған. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент өкілдері мұндай орталықтар өңіріміздің барлық кітапханаларында ашылып жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ мұнда Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев облыс әкіміне биылғы жылға арналған жұмыс жоспарларын баяндады. Оның айтуынша, биыл аудан орталығы мен ауылдық округтерде бірқатар көшелер жөнделіп, жаңа құрылыс жұмыстары басталмақ.

— Биылғы жылға жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі дер кезінде тапсыру қажет. Өңіріміздегі тұрғындары тұрақты, болашағы бар ауылдарды көгілдір отынмен және ауызсумен қамту, сондай-ақ жолдарын жөндеп, көшелерін жарықтандыру — бірінші кезектегі жұмыс.

«Ашық әкімдік» кеңселері арқылы ауыл тұрғындары өздеріне қажетті құжаттарға оңай қол жеткізулері керек. Осындай орталықтарды барлық ауылдарда ашу қажет, — деді облыс әкімі.

Бұдан әрі облыс басшысының жұмыс сапары «Актеп» ЖШС және «Айшуақ» шаруа қожалығында жалғасты.

Р.S. Материалдың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button