Жаңалықтар

Басқарма басшысы тағайындалды

Тағайындау

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Айбек Қайыр тағайындалды.

Айбек Қайыр Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы»,​​ Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша​ тәмамдаған.​

Еңбек жолын 2005 жылы​ Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бастаған. Қобда ауданы әкімі аппаратында жұмыс істеген.

Әр жылдары​ Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы,​ Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін​ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button