Әлеумет

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау енді электрондық форматта жүзеге асырылады.

2021 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  тағайындау бойынша қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуда.

Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық әкімдіктерге жүгінбей-ақ, «Электрондық үкімет» порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өз бетінше өтініш бере алады.

Қызмет Электронды Үкімет порталының «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Отбасына көмек» бөлімінде қолжетімді.

Бұл өтініш беруші мен қызмет көрсетуші арасында байланыстың болмауына, қызмет көрсету уақытын қысқартуға, қағаз құжаттарды жинау қажеттілігін жоюға, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті алу рәсімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оңайлатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні АӘК алып отырған отбасылары биылғы екінші тоқсанның басынан бастап  жұмыспен қамту орталықтарына жүгінбей-ақ, өтініш беруге мүмкіндігі бар.

Ол үшін  атаулы әлеуметтік көмекке  жүгінушілердің электрондық-цифрлық қолтаңба кілттерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Интернет желісімен және компьютермен қамтамасыз етілмеген аз қамтылған отбасылары, құжат тапсыру аясында тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарында және қалалық, ауылдық округі әкімдіктерінің ғимараттарында  құрылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы  мамандардың көмегімен  өтініш беруді жүзеге асыруы қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button