Денсаулық

Қауіпті емес

Нұрбол НАЖМАДИНОВ, Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары;

— Әлемде пандемия басталғалы дамыған елдер вакцина шығару ісіне көңіл бөлді. Себебі коронавирусты тоқтатудың жалғыз жолы — екпе. Қазір жалғыз біздің ел ғана емес АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде де індетке қарсы жаппай егу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар індеттің алдын алудың тиімді жолы осы екенін түсінді.

Біздің ауданда да егу жұмыстары жүйелі жүруде. Медицина мамандары, мұғалімдер, әкімдік қызметкерлері өз еріктерімен екпе алып жатыр. Өзім де алғашқылардың  бірі болып вакцина салдырдым. Ешқандай жанама әсерін байқағаным жоқ. Рас, ине салар сәтте аздап қобалжыдым. Бірақ кейін ешқандай кері реакцияны сезінгенім жоқ. Ең бастысы, азаматтар қарапайым қауіпсіздік шарасын сақтап жүру керек. Вакцина алғаннан кейін де сақтанған дұрыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button