Денсаулық

Екпеден қорықпау керек

Хайредин РАУШАНОВ, «Ақтөбе» газетінің фототілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі:

— Ақтөбедегі №2 қалалық емханада тіркеуде тұрмын. Облыста вакцинациялау басталған кезде учаскелік дәрігеріме хабарласып, екпе алатынымды айттым. Дәрігер мені тіркеп алды. Қай уақытта баратынымды бір күн бұрын хабарлады. Кеше екпе алдым. Алдымен терапевтің қабылдауына кірдім. Мені жан-жақты тексерді, сұрақ қойды. Қан қысымымды өлшеді. Қарсы көрсетілімнің жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін барып, егу бөлмесіне келдім. Медбике екпе салды. Тынығу бөлмесінде отыз минут отырдым. Ешқандай кері әсерін байқағаным жоқ. Жиырма бір күннен кейін екінші дозасын аламын. Жалпы облыста вакцинациялау жұмысы басталған кезде мен бірден «екпе аламын» деп шештім. Себебі індеттің алдын алудың жалғыз жолы — осы. Көпшілік жерде жиі жүремін. Іссапарларға шығамын. Қанша жерден сақтанып жүрсең де вирустың қайдан жұққанын білмей қалуың мүмкін. Ал екпе алғаннан кейін вирус жұқтырсаң да жеңіл өтеді. Екпеден қорқудың қажеті жоқ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button