Әлеумет

Пәтер кезегінде тұрған азаматтар қалай баспаналы бола алады?

Баспана

Бұл сұраққа нақты жауап алу үшін баспанаға қолжетімділік сатысын қарауға болады. Бұл жерде басты принцип — кезекке тұрған азаматтың отбасындағы адам басына шаққандағы табысы. Сонымен…

  1. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын (34 302 теңге) немесе мүлдем табысы жоқ (жұмыс жасамайтын) кезекте тұрған азаматтарға әкімдіктерден сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі. Пәтерлер кезекке сай, тек әкімдікте кезекте тұрған азаматтар ала алады.
  2. Табысы бір адамға шаққанда 3,1 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен (106 336 теңге) аспайтын отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша «Отбасы Банкі» арқылы тұрғын үй сатып ала алады. Мысалы, отбасында 2 адам х 106​ 336 теңге, яғни табысы 212​ 672 теңгеден аспауы керек,​ егер отбасы құрамында 6 адам болса, (6х 106​ 336​ =​638​ 016 теңге), яғни мұндай отбасыға кіретін табыс айына 638​ 016 теңгеден аспауы тиіс.

Бұл бағдарламаны «2-10-20» деп те атайды (2% — қарыз бойынша мөлшерлеме, 10% — бастапқы жарна, қарыз мерзімі 20 жылға дейін). Аталған бағдарламаға көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Баспананы алғашқы және қайталама нарықтан да сатып алуға болады.

  1. Табысы 3.7 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен (126 917 теңге) аспайтын әкімдікте кезекте тұрған салымшылар (Мысалы, отбасында 2 адам х 126​ 917 теңге, яғни табысы 253 834 теңгеден аспауы керек,​ егер отбасы құрамы 6 адам болса (6 х 126 917 =​ 761​502) , яғни бұл отбасыға кіретін табыс айына 761 502 теңгеден аспауы тиіс) 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» (5-20-20) (Ақтөбе қаласында «Нұр Ақтөбе» ауданында салынған жаңа баспана, бастапқы жарнасы — 20%, несие мөлшерлемесі — 5%) немесе «Шаңырақ» (5-10-20) (алғашқы нарықтағы (жаңа) кез келген құрылысы біткен дайын ​ немесе ФГЖС кепілдігі бар құрылысы бітпеген ​ баспана) бағдарламасына қатыса алады.

Бұл бағдарламалар бойынша ​ негізгі талаптары: қатысушы әкімдікте кезекте тұруға тиіс, жеке тұрғын үйі және соңғы бес жылда оны иеліктен шығару деректері болмауға тиіс және тұрақты табысы болуы керек.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button