Жаңалықтар

Телефон алаяғынан сақтан!

Қазір телефон арқылы алаяқтық жасайтындар көбейіп тұр. Соңғы кезде облыста алаяқтардың арбауына түсіп, сан соғып қалғандар көп. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға  ескерту жасап жатыр. Соның өзінде де тұрғындар алаяқтардың «құрығына» ілігуде.

Департамент өкілдері азаматтарға банк немесе несие ұйымдарының атынан түскен қоңырауларға мұқият болуды ескертеді. Банк қызметкерлері клиенттерге ешқашан қоңырау шалмайды және есеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын аударуды талап етпейді. Егер біреу «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалса, дереу телефон тұтқасын қою керек. Сондай-ақ бейтаныс адам сіздің жинағыңызды алаяқтардан қорғау үшін басқа картаға аудару туралы ұсыныс айтса, сенбеңіз. Телефон арқылы ешқашан несие рәсімдемеңіз.

SMS-хабарламалар арқылы келетін банктік карталарыңыздың, кодтардың және бір реттік парольдің толық деректерін ешкімге бермеңіз. Несие ұйымының қызметкері клиенттен ешқашан ұялы телефонға қосымшаларды жүктеп, орнатуды сұрамайды.

Қандай да бір ақпаратты нақтылау және тексеру үшін банк картасының сыртындағы жедел желіге қоңырау шалу керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button