Жаңалықтар

Боксшы Нұртастың сыйлығы

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, кəсіпқой бокстан «WBC Asia» белдігінің иегері Нұртас Əжбенов спорт мектебінің жас боксшыларымен кездесті.
Санитарлық талаптарға сай өткізілген кездесуде Нұртас Əжбенов өзінің жеткен жетістіктері туралы айтып, бокстың әліппесімен танысып, қолғабын енді кие бастаған балалардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында Нұртас ринг тәртібін үйреніп жүрген 3 жасөспірімге өз атынан боксқа қажетті спорттық киім-кешектер сыйлады.
Шара соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жұманбетов Нұртастың алдағы жекпе-жектеріне сəттілік тілеп, Алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етті.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button