Басты бет » Жаңалықтар » Студенттер үшін жатақхана салуға дайын кәсіпкерлерге мемлекеттен кепілдіктер

Студенттер үшін жатақхана салуға дайын кәсіпкерлерге мемлекеттен кепілдіктер

Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі барлық өңірлер үшін өзекті. Статистикаға сәйкес жатақхана орындарына мұқтаж студенттер саны 62 мыңнан асады. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән жағдай.

Онымен қоса жақын болашақта Қазақстан 2000 жылдардағы baby-boom-ның нәтижесін бастан кешпек, яғни студенттер контингенті ұдайы өсетін болады. Әлбетте, бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың жоғарылауына әсер етпей қоймайды.

Студенттік жатақханалардың тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Тетіктің тұжырымдамасы жатақханаларда жаңа орындарды іске қосу үшін кеткен шығындардың мемлекет тарапынан ішінара немесе толық өтелуін көздейді.

Мемлекетпен әріптестік аясында жатақхана ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге мынадай қолдау шаралары ұсынылады.

Тұрақты табысқа кепілдік беру. Объект пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады, оның бір студентке шаққандағы жыл сайынғы мөлшері құрылыс салынған кезде — 122 АЕК (Алматы қаласы үшін — 144 АЕК), реконструкция жасалған кезде — 47 АЕК. Мемлекеттік тапсырыс 8 жыл мерзімге орналастырылады және төлемдер жүйелі түрде ай сайын жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер сомасы айлық есептік көрсеткішке байланысты, осылайша төлемдерді жыл сайын АЕК-ке индекстеу инфляциялық процестердің әсерін төмендетуге (орта есеппен 4-5% – ға) мүмкіндік береді.

Ай сайынғы тұру ақысы. Студенттер тарапынан тұру үшін жалдау ақысы мемлекеттік тапсырыстың құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және нақты аймақтағы тұрғын үй нарығының жағдайларымен анықталады.

Коммерциялық алаңдарды құру. Тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған коммерциялық алаңдарды құруға болады, олардың негізгі тұтынушылары сіздің тұрғындарыңыз болмақ (асхана, буфет, жаттығу залы, кір жуу бөлмесі және т.б.).

Бірінші жылы төлемдер жасау кезінде арттыру коэффициентін қолдану. Клиенттерді тарту және тұрғындарды қабылдау кезеңін ескере отырып, қолдау ретінде алғашқы 12 айда төлемдер екі есе мөлшерде, бірақ жобалық қуаттан артық емес мөлшерде жүргізіледі. Мысалы, жатақхана 500 орынға есептелген болса, онда іс жүзінде 230 студент тұрады делік, сәйкесінше төлем 460 адамға жүргізіледі (2 х 230=460; 2 х 280 ≠ 560 = 500).

Демалыс кезеңіндегі төлемдер. Әдетте университеттерде оқу жылы мамыр-маусым айларында аяқталады. Кейінгі үш айда студенттер жатақханаларда тұрмайды, бірақ бұл  — мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер тоқтатылады деген сөз емес. Демалыс кезеңінде (маусым-тамыз) төлемдер көлемі сақталады және соңғы оқу айындағы тұру фактісіне сәйкес жүргізіледі.

Індет кезіндегі төлемдер. Ағымдағы жыл оқу процесіне елеулі түзетулер енгізді. Қазіргі уақытта студенттердің қашықтықтан білім алып жатқаны және жатақханаларда тұрмайтындығы белгілі. Бұл ретте объектілердің меншік иелері ғимараттарды күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстарды көтеруді жалғастыруда. Осыған байланысты тұру фактісін растамастан жатақхананың жобалық қуаты бойынша төлем жүргізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ жатақхана құрылысы бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендете отырып, банктік қарыздарды субсидиялау қарастырылған.

Егер қызығушылығыңыз бар болса, сізге мыналар қажет: 

Біріншіден, жобаға қатысу шарттарымен толық танысу үшін www.studdom.fincenter.kz жобаның промо сайтына кіру немесе Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының call-орталығына (8-800-080-28-28) қоңырау шалу.

Екіншіден, шартты алдын ала жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.

«Біз жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз!»

«Қаржы орталығы» АҚ.