Ауданда санитарлық тазалық жүргізу, көркейту және көгалдандыру мақсатында екі айлық жарияланды.
Осы кезең ішінде ауданның елді мекендерінде, сонымен қатар өзен-көл жағалаулары мен жолдардың бойында тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Өткен аптада екі айлық аясында ұйымдастырылған сенбілікте мекеме-кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлері белгіленген аумақтардағы күл-қоқыстарды жинады.
Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерге аудан тұрғындары да атсалысады.
Аталған екі айлық аясында аудандағы барлық тұрғындар өздері тұратын үйдің ауласын тазалап, күл-қоқысты тек арнайы белгіленген орынға төгуі тиіс.
Д.ҚАЗИХАН,
Ырғыз ауданы.