Басты бет » Жаңалықтар » 5 материал құзырлы органдарға жолданды

5 материал құзырлы органдарға жолданды

Облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралу деңгейінің артуына байланысты демалыс күндері Темір ауданындағы мониторинг топтың жұмысы күшейтілді. Мақсат — ережеге бағынбағандарды тәртіпке шақыру.

Арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелері аудан орталығы мен барлық елді мекендердегі кəсіпкерлік нысандарын, яғни дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын, сауда орталықтары мен дүкендерді аралап, санитарлық талаптардың орындалуын тексерді. Айталық, соңғы 5 күнде 8 рейд ұйымдастырылып, 42 нысанның жайы қаралды. Нәтижесінде аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына 5 материал жолданды. Қазіргі таңда аталған басқарма тәртіп бұзғандарға әкімшілік шаралар қолдану үшін қажетті амалдарды жасап жатыр.

Айта кетейік, жыл басталғалы Темір ауданы бойынша 26 адам КВИ дертіне шалдықса, 24 адам өкпе қабынуымен ауырған. Олардың 12-сі бүгінде провизорлық орталықтарда ем қабылдап жатыр.

Әли АЙБЕК,

Темір ауданы.