Жаңалықтар

Жасырын жұмыс жасағандар анықталды

Мониторингтік топ

Облыс бойынша 47 мониторингтік топ жұмыс істейді. Оның 11-і — Ақтөбе қаласында. Полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері және  жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған топтар тексерулер жүргізіп жатыр. Нәтижесінде кейбір ойын-сауық орталықтарының жасырын жұмыс жасап, талапты орындамай отырғаны анықталды.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли бастаған топта қаланы аралады.

— «Империал» караоке-клубының жасырын жұмыс жасап жатқаны туралы хабарлама түсті. Мониторингтік топ мүшесі сол клубтың ішіне кіріп, видео түсірді, аудиожазба да бар. Материалдың бәрі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі. Жасырын жұмыс істегендерді анықтау ісі әлі де жалғасады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары тек түнгі 10.00-ге дейін жұмыс істейді. Адам саны 30-дан аспауы тиіс. Ал кальян, караоке, лото клубтары мүлде жұмыс жасамауы  керек. Алайда кейбір тамақтану орындары талапты орындамай отыр. Ойын-сауық орталықтары жасырын жұмыс істеуде. Көпшілік әлі де коронавирустың қауіпті екенін түсінбей жүр. Ал талапты бұзғандарға айыппұл салынады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button