Әлеумет

85 жұмыссыз курстан өтеді

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты — бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Мұндағы міндет — еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыздарды сұранысқа сай техникалық және кәсіптік мамандықтарға оқыту.

Аталған бағдарлама шеңберінде «Қандыағаш Білім» оқу орталығында наурыз айынан бастап 30 әйел тігін, 14 ер адам электромонтер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Биыл аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 85 жұмыссыз қысқа мерзімді курста оқытылмақ.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button