Жаңалықтар

Орталықтар алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 31 наурыздан бастап Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

​Тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауға кеңес бере отырып, мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болатынын еске саламыз.

Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімін, баратын күні мен уақытын көрсету қажет.

Біз дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз.

Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button