Білім

Құжат қабылдау: 1 сәуір. 1-сынып

Мектеп

Бүгіннен бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналардан құжат қабылдау басталды.

Бұл — ата-анаға да, мектеп әкімшілігіне де ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақтылы тапсырады. Мектеп басшылығы қанша сынып-комплект болатынын анықтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сондай-ақ педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі, — дейді басқарма басшысы.

Құжат қабылдау тамыздың 1-іне дейін жалғасады. Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

2021-2022 оқу жылында 18 896 оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарланып отыр. Оның  10 916-сы — Ақтөбе қаласының балалары, — дейді Жолдас Батырхан.

Қажетті құжаттар тізімі: ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Айта кету керек, мамандандырылған білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау 15 сәуірге дейін ұзартылды. Ережеге сәйкес қабылдау конкурсы 15-30 сәуір аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда эпидемиологиялық жағдайға және ауа райының қолайсыздығына байланысты конкурс 1-20 маусымға ауыстырылды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button