Әлеумет

Көктемгі су тасқыны: қаперіңізде болсын!

СУ ТАСҚЫНЫ — қар еру, нөсерлі жаңбыр жел айдаған су кезеңінде, кептеліс кезінде өзенде, көлде немесе теңізде су деңгейінен көтерілу салдарынан жергілікті жерлерді айтарлықтай су басу.

Су тасқынын болжауға болады, сондықтан алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға еріген қар мен жаңбыр суының үздіксіз өтуі үшін ауланың аумағын қардан тазартуды ескертеді.

Ықтимал су тасқыны (су басу) туралы болжам алынған кезде халықты сиреналардың көмегімен, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы және басқа да ықтимал құралдармен хабардар ету жүзеге асырылады. Ақпаратта су басу уақыты мен шекаралары, тұрғындарға эвакуацияның тиісті тәртібі туралы ұсыныстар хабарланады. Су тасқыны (су басу) қаупі туралы ескерту алғаннан кейін бұл туралы жақындарыңызға, көршілеріңізге хабарлаңыз, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз.

  1. Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе басқа қауіпсіз жерге қойыңыз.
  2. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз.
  3. Жертөлелерден барлық азық-түлік қорларын алып тастаңыз.
  4. Терезелер мен есіктерді жабу, қажет болған жағдайда бірінші қабаттардың терезелері мен есіктерін тақтаймен немесе фанерамен қаптау.
  5. Дайындау және дайын ұстау:

– құжаттар мен бағалы заттар, бірінші кезекте қажетті заттар салынған сөмке (рюкзак).

Су тасқыны, су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз.

Д.ДОСЖАНОВА,

Ақтөбе қаласы төтенше жағдайлар

басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button