Пікір

Ендігі қорғаныш — екпе

Жолдас БАТЫРХАН,

облыстық білім басқармасының басшысы.

Соңғы уақытта індетке шалдыққандардың саны артып барады. Аурудан қорғанудың жалғыз жолы — вакцина.

Мен де екпе алуды жөн санадым. «Спутник V» вакцинасын әр адам екі кезеңмен салдырады екен. Бүгін соңғы компонентін алдым. Екпенің алғашқы дозасын қабылдарда толқу болғанын жасырмаймын. «Қажет пе?» деген ой да туғаны рас. Көңілге күдік ұялаған сәтте жасар қадамымның оң және теріс тұстарын қағазға түсіретін әдетім бар. Бұл жолы да солай еттім. Сондағы көп күмәнді бір ғана өмірге деген құштарлық жеңіп шықты.

Егер менің денімнің саулығын сақтайтын, бір жұтым ауаға зар қылмайтын мүмкіндік туып тұрса, оны неге пайдаланбасқа?!

Өз таңдауымды жасадым, әзірге еш жағымсыз әсерлері байқалмады. Ертең отбасымның қалған мүшелері де емханаға барғалы отыр. Баршаңызға амандық тілеймін. Жаратқанның сақтанғанды ғана сақтайтындығын естен шығармағайсыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button