Пікір

Жауапкершілікті әркім өзінен бастауы керек

Қалауша САДЫҚОВА,

жеке кәсіпкер.

Қазір біз қиын кезеңде тұрмыз. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы қызыл аймаққа енгені белгілі.

Маған бүгінгі жағдайдың нашарлап бара жатқанын біле тұра, мейрамханаға садақа өткізгісі келіп хабарласатындар бар. Мен оларға барынша түсіндіруге тырысамын. Садақа өткізгісі келсе, неге өз үйінде мал сойып, бауырсақ пісіріп, адамдарға таратып бермеске? Бір жыл бұрын індеттің кесірінен қаншама туыстарымыздан, достарымыздан айырылдық. Той, садақа өткізуді тоқтату,  қарым-қатынасты азайту арқылы жақындарымыздың өмірлерін сақтап қаламыз. Сонда ғана бізде науқастар саны азаяды.

Мүмкін, мен өз кәсібімді бұрынғыдай жүргізе алмайтын шығармын. Бірақ мен бір нәрсені анық білемін. Ол — өз өміріңді бағалау.  Қазақта «Сақтансаң — сақтармын!» деген  мағынасы терең сөз бар. Мемлекеттен, жергілікті билік өкілдерінен, жекеменшік иелерінен кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ.  Мұндай жағдайда әркім өзінен бастауы керек.

Рамазан айы да жақындап қалды. Былтырғы ораза кезінде де тағамдарға тапсырысты онлайн қабылдап, тиісті мекенжайға жеткізіп отырдық.

Осындай қиын кезеңде әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, санитарлық талапты сақтап жүрсе, қиын жағдай орын алмайды. Сақтанып жүрейік!

Басқа жаңалықтар

Back to top button